Қазақстан мен Аргентина медиасала бойынша тәжірибе алмасады

Аргентина мен Қазақстан арасындағы ақпараттық серіктестік дамитын болды. Екі ел медиа өнімдерімен алмасып, болашақ журналистерді бірлесе дайындауға келіссөздер жүргізді деп хабарлайды ortcom.kz
«Қазмедиа орталығында» ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрі Эрнан Ломбардимен кездесті. Екі елдің ақпараттық серіктестігін нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.
«Қазақстан мен Аргентинаның бірігіп жұмыс істеуде өзара үйренері көп. Қазақстанның түсірген деректі фильмдері мен жобалары біздің көрерменге қызық болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, келіссөздер аясында спорттық шараларды бірлесе көрсететін болдық. Ал, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік берген Қазақстанға ерекше алғыс айтамыз. Аргентина павильондарына келіңіздер»,- деді Эрнан Ломбарди журналистерге берген сұхбатында.

Қазақстан мен Аргентина арасындағы саяси қатынастардың негізі Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1993 жылы қалыптасқан еді.
Аргентина делегациясы «Қазмедиа орталығын» аралап, «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасының робот арқылы басқарылатын студиясымен танысты.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика