Қазақстан машина жасаушыларының V Форумы өтеді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде  еліміздің машина жасау саласының жетістіктері сөз болды. Соңғы 7 айда 9678 автомобиль өндірілген. Ал электр жабдықтарының өндірісі ел қазынасына 63,8 млрд. теңге әкелген. Отандық машина құрастыру мен өндіріс көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 6,3%-ға өскен.

Сонымен қатар, баспасөз конференцияға қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев  жеңіл автомобиль өндірісі 4,7 есе, темір жол вагондар өндірісі 9 есеге, трансформатор өндірісі 2 есеге өскенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев отандық көлік өндірісін дамытатын жобаларға тоқталды.

20-21 қыркүйекте Астана қаласында әлемнің 40 елінен 800 делегат қатысатын Қазақстан машина жасаушыларының V Форумы өтеді. «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: жоғары технологиялы машина жасау» тақырыбымен өтетін форумда салааралық өндірістердің машина жасау технологиялары, электрондық-оптикалық машина жасау және 4.0. Индустриясы секілді секциялар ұйымдастырылады,- деді.

Форум барысында машина жасау саласының жетістіктері жайлы сөз болады. Әсіресе, Қазақстанда оның дамуының негізгі бағыттары туралы айтылады

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика