Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-ші орынды иеленді

Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-ші орынды иеленіп «Doing Business 2017» рейтингісімен салстырғанда 1 орынға төмендеді, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

«31 қазан күні дүниежүзілік банк өзінің әр жылы өткізетін «Doing Business» ретингісінің биылғы есебін жариялады. Ағымдағы жылы Қазақстан 36-орынға ие болып отыр, өткен жылы бұл 35-орын болатын»,- дейді ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департементінің директоры Ғалия Жолдыбаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында.

«Doing Business 2018» баяндамасы кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге ықпал ететін және оны шектейтін нормаларға бағалау жүргізетін Дүниежүзілік Банк тобының жыл сайынғы басылымының сериясындағы 15-шығарылым болып табылады. Аталған зерттеуде 10 индикатор бойынша 190 елдің бизнес-ахуалдың қолайлығы деңгейін салыстыруға мүмкіндік беретін сандық көрсеткіштері қолданылып отыр.

Қазақстан рейтингте Италия (46), Бельгия (52), Израиль (54), Грекия (67), Түркия (60), сияқты ЭЫДҰ-ның елдерінен басып озды. ЕАЭО  одақ елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Белорусь (38), Армения (47), Қырғызстан (77) елдерінен басып озды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика