Қаз Мұнай Газ шағын және орта бизнеспен әріптестігін одан әрі нығайтпақ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі Жанар Жағар Май нарығының ағымдағы жағдайы туралы баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференцияға «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президентінің м.а. Данияр ТИЕСОВ және «ҚазМұнайГаз Өнімдері»  ЖШС Бас директоры Қуандық ҚҰЛМҰРЗИН қатысты, – деп қабарлайды Ortcom.kz сайты.

2015 жылдың шілде айында «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ның жартысына жуығын жекеше басқаруға беру бойынша еліміз үшін бірегей әріптестік бағдарламасын қолға алған болатын. Бұл бағдарлама Республика өңірлерінде шағын және орта бизнеске бағытталған және экономиканың тиімді жекеше секторын құруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға арналған еді.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жанар-май құю станциялары желісін басқару саласында АҚШ-та Exxon Mobil, Shell, Chevron компаниялары, Еуропада – Лукойл, Ромпетрол, Ресейде – Лукойл, Shell сияқты әлемдік тәжірибеге сүйене отырыпен іске асуын қадағалауда. Бұл ретте ЖМҚС жекешелендірілмейді және компанияның меншігінде қалады, мұнай өнімдерінің жалғыз жеткізушісі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС болып қалады, деді – ЖШС Бас директоры Қуандық ҚҰЛМҰРЗИН.

Бұл «Самұрық-Қазына» компаниялары тобын трансформациялау шеңберінде өткізілед. Негізінен – шығындарды оңтайландыру, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында іске асырылмақ.

Сондай-ақ, басқаруға алыстағы жанар-май құю кешендері берілді. Кәсіпкердің жауапкершілігіне мұнай өнімдерін сату мен ҚМГ-ның корпоративтік стилін сақтап тұрудан басқа, станция аймағын, сауда залдарын тазалау және т.б. жүктеледі. Барлық кезендерде мұнай өнімдерінің сапасын бақылау сақталады.

Бүгінгі күні еліміздің түрлі өңірлерінде 106 кәсіпкер 150 «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-ны табысты басқарып келеді.

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика