Атаулы әлеуметтік көмек жобасына қатысқандардың кірісі 3 еселенген

2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады. Жаңа сипаттағы АӘК әлеуметтік көмекті алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, жұмысқа орналасуға, жақсы өмір сүруге ынтасын күшейтпек. Сәйкесінше аз қамтылған азаматтардың ел экономикасы мен қоғамға етене араласуына мүмкіндік туады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде ҚР Вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған жобаға қатысушылар саны 161,7 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 32,5 мың адам тартылды.

Сондай-ақ, қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 3,1 есеге өскен. Айта кетейік, «Өрлеу» пилоттық жобасы – әлеуметтік келісім-шарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Бұл жоба атаулы әлеуметтік көмектің жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталған.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика