Астаналық процесс жабық режимде өтеді

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлім етті.

Сириялық реттеу бойынша келіссөздің бас жағында БАҚ өкілдеріне фото-видео түсірілім  жасауға рұқсат етіледі, бірақ оның мазмұнды бөлімі жабық есік режимінде өтеді. Бүгінгі таңның басты шарасы – Астаналық процеске шетелден 320 БАҚ келсе, еліміздің өзінен 120 өкіл қатысуда.

Спикердің айтуынша, келіссөз барысындағы түсірілім ұзақтығы делегациялармен келісіліп, ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілдерімен анықталады. Еске сала кетейік, Астаналық процесс бүгін Астана уақытымен сағат 13-00 де басталады және ертең, 24 қаңтарда аяқталады деп күтүлуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика