Астанада жылжымайтын мүлік саласының үздіктері марапатталады

Астанада отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен әртүрлі аталым бойынша жылжымайтын мүлік саласының үздіктері анықталады. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінде болған брифинг барысында Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқарма басшысы Бақтыбай Тайталиев хабарлады. Шара елордада болатын Central Asia-2017 форумының аясында өтпек. Онда Ашхабад, Тбилиси, Ташкент сынды қалалардың әкімдерімен қатар, құрылыс және сәулет саласындағы шетелдік сарапшылар қатысады деп күтілуде. Қатысушылар өз категориялары бойынша коммерциялық жылжымайтын мүліктің заманауи талаптарына жауап беруі тиіс. Айта кетейік, кәсіби жүлде 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика