Астанада тұңғыш рет «Astana Winter Marathon 2017: мүмкіндік шегінен тыс» қысқы жүгіру жарысы өтеді

«Астана қыстық марафон мүмкіндік шегінен тыс» атты қысқы жүгіру жарысы өтеді. Мұнда ұйымдастырушылар 3 түрлі қашықтықты көздеп отыр. Классикалық марафон – 42 км 195 м, жартылай марафон – 21 км және 10 км жүгіру. Ол Астана қаласының Триатлон паркінде өтпекші, – деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылғы 24 желтоқсанға жоспарларған елордадағы тұңғыш қысқы марафонға арналған баспасөз конференциясына орай оrtcom.kz сайты.

Айтулы шараға жарыстың ұйымдастыру комитетінің мүшелері – жүгіруге мұрындық болған «MarathON» жүгіру клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық ультрамарафоншы Марат Жыланбаев, «Астана қ. Әкімдігінің бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциясы» КММ жетекшісі Азамат Имашев, «ҚР жеңіл атлетика Федерациясы» АҚ ерекше мәселелер бойынша кеңесшісі Оксана Хашагульгова, «MarathON» клубының мүшесі Сахитжан Қуанышбаев қатысты.

Астана қаласының әкімдігінің қолдау көрсетуімен тұңғыш рет ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – қысқы марафон, қыстық спорт түрлеріне деген халықтың қызығушылығын арттырумен бірге қыстық спорт түрлерін танымал ету болып табылады. Жазда өткен Астана марафонына 5000-дай бұқара қатысқан еді. Бұл жарысқа шетелдік және алыс-жақын қалаларымыздан да қатысатын қонақтарымыз бар. Бұл сондай-ақ, спортпен айналысатын туристерді тартудың тамаша жолдарының бірі болмақ, – деді «Астана қ. Әкімдігінің бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциясы» КММ жетекшісі Азамат Имашев.

Сондай-ақ ол сөзінде, жүйелі түрде спортпен айналысатын Астана қаласының тұрғындарының саны биыл 28% дей келе, бұл үрдіс 2020 жылы 30% -ға жетеді деген сенім білдірді.
Марафонға қатысам деушілерге 12 желтоқсаннан бастап 20 желтоқсанға дейін есік ашық. Дәреже мен мамандық түрлерін таңдамайтын, барша халыққа арналған спорттық жарысқа қатысушылар http://www.marathonclub.kz/ сайты арқылы тікелулеріне болады. Онда халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына арналған қауіпсіздік шаралары да толығымен қамтамасыз етілген.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика