Астанада Қостанай облысы күндері өтеді

Астанада 5 – 9 тамызы аралығында Қостанай облысының күндері өтеді. Облыстың ауылшаруашылық өнімдерінің 100 түрінен 650 тоннаға жуық азық-түлік жәрмеңкеге қойылады. Өңірдің тауарлары мен өндірісінен бөлек Астана жұртшылығы Қостанайдың өнер ұжымдарының қойылымдарын тамашалай алады.
Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының күндеріне байланысты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бибігүл Аққожина, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов шараның бағдарламасымен таныстырды.
Баспасөз конференцияда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин, Қостанай облысы өнімін арттыруда республика бойынша алғашқы қатарда тұрған аймақ екенін атап өтті. Бидай өсімі 49%-ға, ұн өндірісі 57%-ға, сүт және сүт тағамдары 57%-ға, ет және ет өнімдері өткен жылдармен салыстырғанда 3,7 есеге өскен.
Сонымен қатар 5 және 6 тамыз күндері «Қазақстан» спорт кешенінде Қостанай облысының 14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Жәрмеңке өткізеді. Онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдері түрлерінің 100 астам атауы және басқа да өнімдер тауар өндірушілердің бағасымен 650 тонна көлемінде ұсынылады. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін азық-түлік бағасы, нарықтық бағадан төмен болмақ.
Астана қаласының Орталық алаңында 9 тамыз күні Қостанай облысы күндерінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Мәдени күндердің шымылдығын Big-bandтың «В кругу друзей и современных ритмов» атты джаздық шолуы жабады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика