Астанада «Қоғамдық кеңестің» республикалық мәжілісі өтеді

 Орталық коммуникациялар қызметінде ҮЕҰ-ның атқарылған істері мен алдағы жоспарлары талқыланды. Баспасөз жиында елімізде 1,5 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Қоғамдық кеңестің құрылымы туралы айтылып, қараша айына жоспарланған Астанада өтетін республикалық мәжілісі белгіленді.

Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов және Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова журналистермен кездесу барысында мәлімдеді. «Мемлекет пен ҮЕҰ өзара әрекеттестігі: қазіргі жағдайы мен келешегі» атты баспасөз конференцияда аталған министрлік тарапынан атқарылған істер туралы айтылды.

– Қоғамдық кеңестер өзара қарым-қатынастың тиімді механизмі болып қалыптасуда. Олардың құқықтық базасын жетілдіру үшін біз барлық 229 қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын жинақтадық. Олардың негізінде Министрлікпен Қоғамдық кеңестер туралы Типтік қағида жобасы дайындалды, онда қоғамдық кеңестер жұмысының үрдістері, соның ішінде құрамды қалыптастыру, отырыстарды өткізу, шешімдерді бақылау үрдістері егжей-тегжейлі көрсетілген. Сонымен қоса, биылғы жылы қарашада Қоғамдық кеңестердің алғашқы Республикалық Мәжілісі өтеді. Біз онда заңнамаға енгізу үшін дайындалған барлық толықтыруларды ұсынатын боламыз, – деді вице-министр Абзал Нүкенов.

Енді ҮЕҰ өзара әрекеттестігі нәтижесінде өзін қаржыландырудың жаңа механизмдеріне көшеді. Яғни, гранттар мен премиялар енгізілді. Биыл алғаш рет ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындау үшін конкурс өткізіліп жатыр (сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК). Әзірге өкілетті органға сыйлықақы алу үшін барлығы 224 тапсырыс келіп түскен. Спикерлер әлеуметтік бағыттар бойынша 55 гранттық жоба іске асырылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ-мен жобалық серіктестікті дамытуды қолға алды. Биыл 8 орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдардың 364-ке жуық салалық құрылымдары республика бойынша орталық деңгейде жалпы соммасы 569,2 млн. теңгені құрайтын 43 жобаны, жергілікті деңгейде соммасы 13,9 млрд. теңге болатын 2103 жобаны (жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша) іске асырып жатыр.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика