Астанада борышкерлерге көмек көрсетілді

 

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға қатысты баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Астанада 1792 мың борышкерге көмек көрсетілгендігін айтып өтті, деп хабарлайды ortcom.kz

2017 жылдың 11 сәуірде Елбасы осындай тапсырма берген болатын. Тапсырманың мағынасында – ипотекалық несиелерді қаржыландыру бағдарламасын кеңейту орындылығы туралы. Ұлттық банк бұл сұрақты Үкіметпен бірлесіп, тапсырма аясында тиісті жұмыстар жүргізуде.

«Айта кететін жағдай, осы ипотекалық кредиттер қайта қажыландыру нәтижесінее болды, қалай бітті бүкіл республика бойынша 140 млрд теңгеге қарыздар қайта қаржыландырылды, 22 мыңнан астам ипотекалық борышкерлердің жалғыз баспанасы сақталып қалды. Егер де Астана туралы айтатын болсақ, 16 млрд теңгеге ипотекалық кредит қайта қаржыландырылды. 1 792 мың борышкерге көмек көрсетілді»,– деді Алпысбай Ахметов.

Сондай-ақ ұлттық банк өкілі биылғы жылдың соңына дейін Президент тапсырмасын орындау туралы ұсынысты «дайындап береміз» деген ой білдірді.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика