Астана клубының отырысына 28 елден 66 қатысушы келді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев мәлімдеді, деп хабарлайды, ortcom.kz

«Ағымдағы жылы Астана клубының отырысына қатысқан мемлекеттер мен аймақ өкілдіктері біршама кеңейді – бұл 28 елден келген 66 қатысушы. АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, Еуропаның және Орталық Азияның кейбір елдерінен басқа, тағы 10 мемлекеттің қатысушысы қосылды. Бұл Индонезия, Малайзия, Италия, Польша, Бангладеш, Әзірбайджан, Сербия, Словения, Финляндия, Чехия. Үшінші отырыстың шарықтау шегі – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана клубының қатысушыларымен кездесуі болды. Ашық пікірталас кезінде әлемдік державалардың Еуразиядағы мүдделерінің астасуы, өңірлік ойыншылардың рөлі, еуразиялық интеграцияның болашағы сияқты тақырыптар қозғалды»,-деп атап өтті Қанат Жұмабаев.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика