«Astana Digital Forum»-ның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қатысты

Бүгін  «Astana media week» апталығының аясында «Astana Digital Forum» атты ауқымды іс-шара бастау алды.

Бүгінде жаңа технолоияларды дамыту елдің бәсекеге қабілетін, халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды факторына айналғаны белгілі.

Әлемдегі озық елдер қазіргі уақытта «цифрлық экономика» моделіне қарқынды көшуде.

Осы тұрғыда, елімізде Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» бағдарламасының аясында инновациялық жүйелерді нығайтатын іргелі бастамалар қолға алынуда.

Соның маңызды бір бағыты – экономиканың жедел технологиялық жаңғыртылуы. Осы бағыттың аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде.

Министр Д. Абаев өз баяндамасында: «Елбасы атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.

Сондықтан, ғылыми-техникалық инновацияларды қолдап, оларды әлеуметтік-экономикалық салаларға тезірек енгізуге ұмтылу аса өзекті.

Осы тұрғыда, Astana media week алаңында цифрлық технологияларды дамыту мәселесінің арнайы қарастырылуы – осы бағытқа жасалған кезекті қадам болмақ», – деді.

Министрдің айтуынша, болашақта сапалы ғаламторды пайдалану жағынан қала мен ауылдың деңгейі тең болуы қажет. Онсыз барлығы бірдей электрондық қызметтерді қолдана алмайды. Осыған байланысты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін тағы 2 млн адамды кең жолақты интернетпен қамту жоспарланған.

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика