Қарағанды облысының экономикасына түсетін жыл сайынғы инвестиция көлемі 1 млрд долларды құрайды

Қарағанды облысында бизнес-климатты жақсарту мақсатында инвестициялық стратегия құрылды. Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Облыста жобалық сүйемелдеу іске асырылады – біздің мамандар инвесторды келіссөз кезеңінен бастап, өндіріс іске қосылғанша жанында болып, сүйемелдейді. Бұл ретте біз нарықты, шикізат базасын, сұранысты егжей-тегжейлі зерттедік. Біз 1 трлн теңгеден астам соманы құрайтын 80 тауашалы жаңа жобаларды дайындадық, оларды біз инвесторларға ұсынамыз, – деді Е. Қошанов.

Аймақ басшысы 2018-2020-шы жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған ірі инвестициялық жобаларды атап өтті. Олардың қатарында қуаттылығы 100 МВт және құны 55 млрд теңгені құрайтын күн электр станциясы, патрон зауытының құрылысы, құны 64 млрд теңгені құрайтын қорғасын концентратын шығаратын тау-кен – байыту комбинатының құрылысы бар.

«Жалпы бүгінгі таңда аймақта шет елдік инвесторлардың қатысуымен 20-ға жуық жобалар әзірленіп жатыр. Бұл жаңа ойыншылардың барлығы және инвесторлармен жұмыс бізге облыстағы инвестицияларды жұмылдыру көрсеткішін жылына 1 млрд теңге көлемінде ұстап тұруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Ерлан Қошанов.

Облыста шағын және орта бизнес дамып жатыр. Бұл секторда аймақтың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігі жұмыс атқаруда. Осы саладағы өндіріс көлемі 20%-ға жоғарылады. Бизнестің жол картасы бойынша 2017-ші жылы 183 жобаға қолдау көрсетілді. Олар бойынша кәсіпкерлер аймақ экономикасына 24 млрд теңге салды.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика