Қарағанды облысы су тасқынына дайын

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жүзеге асыру аясындағы басты жетістіктері мен өңірдің ағымдағы жылғы он айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, – деп қабарлайды Ortcom.kz сайты.

Біз «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында экономиканың барлық салаларында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік», – деп сөзін бастаған  Ерлан Қошанов облыс аумағындағы апаттар мәселесіне де тоқталып өтті.

Соңғы жылдары біздің облыста жер-су апаттарының жиілеп кеткені шындық.  Мен әкім болып келгендегі бірінші жұмысым да осыдан басталған болатын.  Биыл жылдағыға қарағанда аз шығынмен өттік. Үйлердің бәрін сақтап қалдық. Облыста екі кезеңнен тұратын жұмыстар жасалып жатыр. Біріншісі – шұғыл жұмыстар. Су тасқынына жиі ұшырайтын  9 елдімекенмен  нақтылы жұмыс басталды. Олардың айналасына  биіктігі бір жарым метірлік, кеңдігі екі метірге жететін, үстінен автомашина еркін жүре алатын топырқтан жалдар тұрғызылды. Жаңа құрылған торларымызда бар. Келесі жылғы су тасқынына бұл ауылдар дайын деп ойлаймыз. Еіншіден, қатты таситын Нұра, Тоқырауыт, Соқыр секілді бірнеше өзендердің түбін тазалау жұмыстарын келесі көктемде қолға алмақшымыз. Бұларға тиісті қаржы бөлінді, – деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлы.

Сондай-ақ, келесі жылдары осы апатты болдырмау үшін жасалдған үкіметтің үлкен жол картасының орындалу барысы бойынша  кезең-кезеңімен премер министәрдәі алдында есеп беріп отыратынында айтып өтті.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика