Алматы облысы Астанаға 4 тонна табиғи-таза өнім жіберд

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін Алматы облысының Астанадағы мәдени күндерінің бір шарасы – жәрмеңке. 8-9 шілде аралығы «Барыс» орталық стадионында Алматы облысының азық-түлік өнімдері қала қонақтары мен тұрғындары үшін тиімді бағамен сатылады деп хабарлайды ortcom.kz
«Астанадағы мәдени күндері аясында облыстың 40 кәсіпорыны 4 тоннадан астам өнімін әкеледі. Ет өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек және сүт тағамдары жәрмеңкенің негізгі тауары болмақ»,- деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басапсөз конференциясында. Алматы облысы мәдени күндерінің салтанатты ашылуы 11 шілде сағат 19:00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады. Мәдени шараға 332 өнерпаз қатысады. Олар Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлерінің ұжымы. Ал жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика