Алматы қаласында биыл 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды

Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өтті, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе, инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Елбасының бастамасмен қолға алынған мемлекеттік бағдарламар бойынша пәтерлер салынып, 120 млрд. теңгені құрайтын 23 жоба іске қосылып, 6,5 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Индустрияландыру картасында 36,8 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып, 3 мың жұмыс орнын ашты.

Өнеркәсіптік аймақта жоғары экспорттық әлеуетке және жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты 191,3 млрд. теңгеге 40 жоба іске асырылуда, оның 15-і белсенді түрде салынуда. Осының арқасында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Пекин қаласымен бірлесе отырып «Asia Steel Pipe» Қазақстанға әкелінетін болат құбырлар нарығының 40% импортын, ал екінші сатысы жапондық «Tokyo Rope» зауытын Алматыда құру жүзеге асты.

Бизнестің жол картасы іске асырыла бастағаннан бері 18,7 млрд. теңге бөлінді, 1 мыңнан астам жоба қолға алынды. Сонымен бірге, жарты жыл ішінде қатысушыларға 31 млрд теңгеден астам салық төленді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барлығы 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жобалар бойынша айтарлықтай экономикалық қайтарымдар қамтамасыз етіледі.

«Қала тұрғындарын және қала маңындағы қалаға келіп жұмыс атқаратын халық үшін қолайлы транспорттық жүйе жүзеге асырылуда» деді қала әкімі Бауыржан Байбек мырза.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика