Ақылы оқуға түсушілерге жаңа қаулы жарияланды  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 шілдедегі  жарлығы бойынша «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №412 қаулысы жарияланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Қаулының 43-тармағы негізінде Ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері қабылданады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған және ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Осы қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика