Біз туралы

Талдау басқармасы  – 55-93-46

Басшы Есімсейітов Марат Қанатұлы

 Әртүрлі салалар бойынша ақпараттық мәліметтер базасын толтырумен елдегі және шетелдегі ақпараттық алаңның ағымдағы жағдайына талдау жүргізуге жәрдем беру, тұрақты шолуларды, анықтамалар мен есептерді жасаумен келіп түскен ақпаратқа талдау жасау, жиналған материалдардың негізінде ақпараттық алаңды дамытудың сценарийлік жоспарларын, талдамалы және болжалды құжаттарын  дайындауға қатысу.

 Стратегиялық даму басқармасы 55-93-46

Басшы Макрашев Бисен Хасенұлы

 Мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту мен іске асыруға қатысу бойынша стратегиялық және болжалды құжаттарды, концептуалды тәсілдемелер әзірлеу, елдегі және шетелдегі медиалық алаңды дамытудың үрдістерін зерттеу, ақпараттық күн тәртібін болжау, медиа кеңістіктің басқару жүйесін жаңғырту және мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар әзірлеу, құзыреттілігі аясында ел ішінде және шетелдегі ақпараттық-имидждік саясатты үйлестіру және қамтамасыз ету, дөңгелек үстелдер мен сұхбат алаңдарын өткізу.

Медиа жоспарлау басқармасы – 55-93-45

Басшы Серикпаева Әсел Жеңісбекқызы   

 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органдары үшін ақпараттық күн тәртібін медиа жоспарлау, мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық бағыттарын орнықтыруға арналған медиялық саясатты үйлестіру,  қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған  медиа жоспарлар әзірлеу, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларымен өзара іс-қимыл жасау, апта сайынғы республикалық медиа кесте дайындау, орталық пен өңірлердегі мемлекеттік және атқарушы органдардың қызметін ақпараттық жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Коммуникация басқармасы – 55-93-38

Басшы Рыспек Махаббат Түсіпқызы

Баспасөз іс-шаралар және өзге де ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу арқылы медиа трендтер жасау, мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, қазақстандық және шетелдік БАҚ-пен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, көшпелі баспасөз іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Өңірлік медиа саясат басқармасы – 55-93-40

Басшы Каушев Олжас Байқуанышұлы     

 Медиалық салада Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарын кооперациялау және жергілікті мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, ақпараттық ағындарды реттеу және тақырыптық бағыттарды жоспарлау, жергілікті атқарушы органдар жанындағы өңірлік коммуникациялар қызметтерінің жұмысыстарын әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру, өзара іс-қимыл жасау, «оқиғалар қатарын» құру.

Әкімшілік-қаржылық басқармасы – 55-93-47

Басшы Болатбек Аян Болатбекұлы

«ОКҚ» РММ-нің бюджеттік жобасына экономикалық есептер мен бюджеттік өтінімдер жобасын әзірлеу, қаржыландыру жоспарларын дайындау, сондай-ақ оның уақтылы орындалуын қадағалау, әрекеттегі заңнамалардың талаптарына, бюджеттік есеп жөніндегі нұсқаулықтарға, ҚР Қаржы министрлігінің бұйрықтарына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу, «ОКҚ» РММ қызметінің құқықтық, кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, ішкі күн тәртібінің, орындаушылық және еңбек тәртібінің  сақталуын бақылау.

 

 

Яндекс.Метрика