БАСҚАРМА

Директордың орынбасары – ресми өкіл

Лоскутова Оксана Павловна

Оксана Лоскутова 1980 ж. 5 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр

2002 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетін (Ақтөбе қ.) «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1999 ж. «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Армысың, Ақтөбем!» бағдарламасының жүргізушісі, корреспонденті қызметінен бастады.

2003-2006  жж. – Ақтөбе теміржол көлігі колледжінде лаборант, диспетчер, қазақ тілі мен іс-қағаздарын жүргізу пәндерінің оқытушысы.

2006 ж. негізгі жұмысымен қоса «Рика-ТВ» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі (Ақтөбе қ.).

2006 – 2013 жж. аралығында «Астана» телеарнасында жүргізуші, жаңалықтардың жауапты шығарушы, тілші. «Алға, Оксана!», «Қыран» әскери-патриоттық бағдарламаларының авторы және «Біз біргеміз – Мы вместе!» әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі.

2013 ж. «Назарбаев орталығы» ММ баспасөз хатшысы.

2014 ж. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ баспасөз хатшысы – жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы.

2016 ж. «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз хатшысы.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Яндекс.Метрика