Уақытша тіркелмегендерге әкімшілік жаза наурыздың ортасынан бастап қолданылуы мүмкін  

 

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Уақытша тіркеуге тұру мәселелеріне байланысты өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Серік  Сайынов мәлім етті.

7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизим мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Осыған сәйкес ішкі мигранттар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте тұрғылықты жері және уақытша тұру орны бойынша тіркелуге міндетті.

Бүгінгі таңда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ішкі мигранттарды тіркеу ережесіне өзгертулер енгізу бойынша нормативті жұмыстар жүргізілуде. Жаңа тіркеу ережелері ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң ғана азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ескерте кетейік, бұл шара болжаммен наурыз айының орта тұсында басталуы мүмкін.

 

Яндекс.Метрика