Қазпочта Паралимпиада жүлдегерлеріне арналған пошталық маркалар шығарды

Орталық коммуникациялар қызметінде Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада жүлдегерлеріне арнап пошталық маркалардың шығаруылына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

Оған Паралимпиадалық комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сулейменов, жүзуден Паралимпиаданың чемпионы, жаңа әлемдік рекордтың иегері Зүлфия Ғабидуллина, пауэрлифтингтан күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева қатысты.

Брифингте Ерлан Сүлейменов еліміздің мақтанышына айналған спортшыларымыздың пошталық маркада шығуы отандастарымызға деген үлкен құрметті білдіретінін атап өтті.

 

 

Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі  28 х 40 мм. Таралымы – 15 000 дана. Марканың суреттерін суретші  К. Плужникова салған. Белгіленген бағасы – 200 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Осыған дейін Қазпошта Сочида өткен қысқы Паралимпиадалық ойындарға арнап марка шығарған. Сонымен қатар, «Спорт» топтамасын Геннадий Головкиннің және Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері бейнеленген маркалар толықтырған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика