2017-2018 оқу жылында мектептерде көптілділік оқыту технологиясы енгізіледі

Астана қаласы мектептерінде 2017-2018 оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша оқиды. Онда 4149 мұғалім сабақ беретін болады. Олардың 3122 мұғалімі арнайы курстардан өткен. 2017 жылдың соңына дейін жаңартылған бағдарлама бойынша 156 бастауыш сынып мұғалімі және 787 пән мұғалімі біліктіліктерін арттырады деп хабарлайды www.ortcom.kz
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы Білім басқармасы Басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозинмен өткен баспасөз-конференцияда биылғы оқу жылына қатысты жаңалықтар айтылды. Мектептерде жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде беру жоспарлаған. Бұл пәндерден қала бойынша 99 мұғалім сабақ беретін болды. Сонымен қатар, Астананың 25 мектебінде көптілділік оқыту технологиясы сәтті енгізілген. Яғни қазақ, орыс және ағылшын тілінде сабақ беру әдісі қолданылады. Ал қаланың 19 мектебінде 2 шетелдік тілде сабақ беру жүзеге асқан.
− Оқушыларды сапалы оқулықтармен толығымен қамтамасыз ету тапсырмасы жүзеге асырылып отыр. Оқушылар арасында ағылшын тілі дағдыларын дамыту мақсатында мектеп кітапханалары алғаш рет қосымша әдебиетпен қамтамасыз етіледі,-деді Ануар Жанғозин.
Ал Елордада жыл сайын халық санының өсуіне байланысты 10 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда оның алтауында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған төртеуінің құрылысы жылдың аяғына дейін басталмақ.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика