Ермек Серкебаевқа арналады…

11 тамыз сағ. 19.00-де Астана қаласының Орталық концерт залында өтетін кеш «Ермек Серкебаевқа арналады». Осы күні әлемнің үздік бас дауыс иесі, Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері, Ильдар Абдразаков, Opera Awards сыйлығының лауреаты Асмик Григорян, Үлкен театрдың жетекші солисі, Пласидо Домингоның «Опералия – 2016» конкурсының жеңімпазы Богдан Волков сынды т.б әлемнің опера шеберлері Ермек Серкебаевты еске алады.

Орталық коммуникациялар қызметінде аталмыш концертің ұйымдастырушылары, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан, Ермек Серкебаев атындағы мәдениет және өнерді қолдау қорының құрылтайшысы, А’Studio тобының музыканты әрі продюсері Байғали Серкебаев , опера әншісі Ильдар Әбдіразақов, опера әншісі Асмик Григорян, қоюшы-режиссер Василий Бархатов шара туралы журналистерге айтып берді.

Концертке қазақстандық өнер иелерінен «Астана Опера» театрының жетекші солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Азамат Жылтыркөзов қатысады.
Баспасөз-конференцияда белгілі музыкант Байғали Серкебаев әкесі Ермек Серкебаев жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Әкесінің атынан қорылған қор, жас музыканнатрға қолдау білідіріп жүргенін айтты.

−Ермек Серкебаев атындағы республикалық немесе халықаралық байқау ұйымдастыру жоспарымызда бар. Әкем өзі байқауларды жақсы көретін. Мен алтыншы сыныпта оқып жүргенімде, мені Ресейге өзімен бірге алып барды. Ол конкурстың әділқазылар құрамында болды, ал мен сол кезде алғаш Мәскеуді көрген едім ,-деді Байғали Серкебаев.

Кеште әлемдік опера классикасының жауһарлары, Дж. Россини, Дж. Верди, Ш.Гуно, А.П. Бородин, К. Сен-Санс, Ж. Бизе, П.И. Чайковский, А. Дворжак, Г. Доницетти, Дж. Пуччини, А.Қ. Жұбанов, Л. Хамиди операларынан ариялар шырқалатын болады. Концертке Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Татарстанның халық артисі Ренат Салаватовтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Кештің қоюшы режиссері, әлемнің үздік және жарқын режиссерларының бірі Василий Бархатов болмақ.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика