ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯЛАРЫНА IT-ЖОБАЛАРДЫ ЕНГІЗЕДІ

2017 жылғы 11 тамызда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының бастамасы бойынша өткізілген «Method PRO» жобасы бойынша екі апталық ІТ-тағылымдаманың қорытындысы жасалады.

«Method PRO» жобасы – Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.
Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар «Қазпошта», «Казатомпром», Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.

Ертең Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.
«Қазпошта» АҚ үшін ұсынылатын жоба – жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.
«Казатомпром» АҚ үшін ұсынылатын жоба – кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.
Бас прокуратураға арналған жоба – «Белсенді азамат» мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.
Тұсаукесерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Крол, жобаны бірлесіп ұйымдастырушы Дагар Давлетов, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингісі басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев, «Қазпошта»АҚ-ының инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқұшев.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Қордың ұйымдастырып отырған жобалары – адами капиталға деген салым, олар Қазақстан жастарының жеке дара, кәсіби және рухани дамуына ықпал етеді. Жастарға салынған бүгінгі инвестициялар мемлекеттің прогресіне салынған инвестициялар болып табылады», деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры

Comments are closed.

Яндекс.Метрика