ЭКСПО-2017 көрме аясында «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби тас жол веложарысы өтеді

2017 жылғы 12 тамыз, сенбі күні ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби тас жол веложарысы өтеді.
Амфитеатр сахнасында критериум қатысушыларын таныстыру сағат 12:00-де және 13:00-де жарыстың салтанатты сөресі өткізіледі.

Велошабандоздар тобы жарыс пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін Байтерек монументі жанындағы көшелер шеңберіндегі критериум орнына бағыт алады.

Веложарысқа Әлемдік турнирдің кәсіби командасы, континеттік командалар және Гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған Ұлттық құрама командалары, велоспорт бойынша Олимпиада ойындарының медалистері жалпы әлемнің 15 мемлекетінен 20 команда қатысады. Британдық Team Sky клубының мүшесі «Тур де Франс» жеңімпазы Крис Фрум және оның клубтасы «Астана» командасының құрамында өнер көрсеткен Микель Ланда сондай-ақ Astana Pro Team көшбасшысы Фабио Ару жарыс хэдлайнері болады.

Бағдар «Байтерек» монументі айналасында Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері бойынша 1,6 км-ді құрайтын 30-35 айналымнан тұрады.
Сағат 13:30-14:30 аралығында (Астана уақыты бойынша) «Eurosport2» және «Kazsport» телеарналары веложарыстың тікелей эфирде трансляциясын жүргізеді. Атақты ресейлік журналист, «Eurosport» телеарнасы орыс редакциясының «алтын дауысы» Сергей Курдюков комментатор болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика