Биыл «Алғашқы қоңырау» 2-қыркүйекте соғылады

1-қыркүйек Құрбан айт мерекесіне сай келгендіктен, биыл еліміздің мектептеріндегі алғашқы қоңырау 2-қыркүйекте соғылатын болды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы Басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді. Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа келетін балалар саны 23 мыңға жеткен. Қаланың білім беру жүйесі 422 мекемені қамтиды. Оның 264-і мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту болса, жалпы орта білім беретін 95 мектеп бар. Сала басшылары Астана қаласы 2017-2018 оқу жылына толықтай дайындығын жеткізді деп хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына даярлығына арналған баспасөз конференцияда ағылшын тілін білетін мұғалімдердің жалақысы көбейетіндігі айтылды. 2017-2018 оқу жылында мектеп формасы – ақ жиде мен қою көк түсті классикалық стильде болуы шарт. Ал ата-ананың оны базардан немесе қымбат сауда үйінен сатып алуы өз еркінде болады.
−Оқу жылының қарсаңында бастауыш сынып мұғалімдерінің тапшылығы туындайтынын атап өткен жөн деп ойлаймын. Бүгінгі таңда жалпы алғанда 248 маман қажет. Оның тең жартысы – бірінші сынып мұғалімдері. Бұл сұрақ бойынша жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ аймақтардың білікті мамандарын және астаналық зейнетке шыққан бірақ қызмет жасауға дайын болған ұстаздарын жұмысқа алуға дайынбыз,- деді Ануар Жанғозин.
Білім беру саласындағы тағы бір жаңалық – биыл 480 орынды қамтитын 2 мемлекеттік балабақша, 720 орынды қамтитын 3 балабақшанының тапсырылуы жоспарланған. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шегінде 2019 жылы пайдалануға берілетін 1680 орындық 6 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика