Қызылорда облысының экономикалық-әлеуметтік дамуы үздік бестікке енді

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасыры Руслан Рүстемов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда мәлімдеді. Астанада 10-15 тамыз Қызылорда облысының мәдениет күндері өтеді. Сыр өңірінің 270-ке жуық өнерпазы қатысатын шара, 10 тамыз сағат 19.00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық Нартай Бекежанов атындағы драма театры сахналайтын Иран Ғайыптың «Қорқыт» спектаклімен ашылады.

Қызылорда облысы 2013 жылдан бері экономикалық-әлеуметтік даму жағынан еліміздегі үздік бестікке енген. Ал тұрғын үй құрылысын салу және халыққа үлестіруде облыс – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысымен қатар төрттіктен табылды. Биыл 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейінгі жоспар бойынша 1809 пәтерлік 41 үй, оның 11-і халықтың әлсіз қорғалған топтары үшін (яғни, жалгерлік тұрғын үй) берілетін болады.
Қызылорда облысының Астанадағы күндеріне арналған баспасөз-конференцияға облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов және өңірдің индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев қатысты.
− Өздеріңіз білетіндей, біз Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігін игеруге барынша кірісіп кеттік. Бұған бізді тұрғындар санының және урбанизация деңгейінің өсуі жетелеп отыр. Қазірдің өзінде алғашқы болып 18 көпқабатты үйлерден тұратын шағын аудан, балабақша, жастарға қызмет көрсету орталығы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы басталды»,- деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Сонымен қатар, бес күнге созылатын мәдени күндердің бағдарламасы бойынша, 10-20 тамыз күндері Қазанат ипподромының аумағындағы этноауылда «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлерінің және облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған көрме жұмыс жасайтын болады. 13 тамызда «Сыр сүлейін сұрасаң» атты жыршы-термешілердің, Тұрмағамбет оркестрі мен Ақмешіт ансамблінің концерті өтеді. Ал «Қазақстан» спорт кешенінде 12-13 тамыз күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл жәрмеңкеде 60 млн. теңге шамасындағы 260 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылады. Мәдениет және өнер күндері 14 тамызда «Сырдария-Жырдария» атты Сыр елінің өнер жұлдыздарының гала концертімен қорытындыланады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика