ЭКСПО-2017 көрмесінде Франция павильонына келетіндердің саны басым

ЭКСПО-2017 көрмесіне келген алты қонақтың бірі Франция павильонына келеді. Бүгінде Францияның ЭКСПО-дағы аумағына 348 мың 558 адам келіп үлгерген деп хабарлайды www.ortcom.kz
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-конференцияда Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен мәлімдеді.
− Астана Экспо-2017 көрмесіне де белсене қатысудамыз. Франция ең алғашқылардың қатарында бас комиссарын тағайындап, 2015-жылдың 5-қарашасында Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің әкімшілігімен келісімге қол қойды. Ал біздің павильонымыз 1084 шаршы метр аумағымен ең үлкен үш павильонның қатарында ,- деді елші.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Франция арасында мәдени және университеттік байланыс даму үсітнде. 2014 жылы Алматыда Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ «Институт Сорбонна-Қазақстан» ашылған. Сондай-ақ, Қазақстанда үш Француз Альянсы және бір француз мектебі жұмыс істейді. Ал Францияда оқып жүрген қазақстандық студенттердің саны бүгінде 650-ге жеткен.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика