Франсис Етьен: Францияда Димаштың өнерін құрметтейді

Бүгін Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда екі елдің арасындағы мәдени байланысқа тоқталды. Елші мырза Димаш Құдайбергеннің өнеріне деген француз халқының ерекше ықыласын жеткізді. Оның даусын құбылысқа теңеп, әлемде миллиардтаған көрермені бар екенін айтып өтті.

«Франция-Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл» атты баспасөз конференцияда Қазақстан мен Франция арасындағы саясат, экономика, мәдениет салаларында тығыз әрі мазмұнды ынтымақтастық туралы айтылды. Қазақстан – 2008-жылдың маусымында Франциямен стратегиялық серіктестік орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.
−Франция Батыс елдерінің арасында ең алғаш болып, Қазақстанның егемендігін мойындаған мемлекет. 1992-жылдың қыркүйегінде Президент Назарбаевтың Парижге ең алғашқы ресми іс-сапары барысында, Қазақстан мен Франция Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы жайында протоколға қол қойды. Сол жылдардан бері үнемі үкіметаралық және ведомоствоаралық консультациялар ұйымдастырамыз, келесі үкіметаралық комиссия биыл 7-қыркүйекте Астанада өтеді деп жоспарлануда,- деді Франция елшісі Франсис Етьен.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика