Жетісу жерінде «QazTalks» алаңы

Орталық коммуникациялар қызметі Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талдықорған қаласында «QazTalks – ашық әңгіме алаңы» жаңа жобасын өткізді. Жетісу жерінде болған ашық әңгімеге түрлі саланың көшбасшылары, қоғамға белгілі адамдар қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысы аймақтық бөлімі тұңғыш рет бейресми баспасөз шарасын өткізді.

«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Артур Нығметов өзінің алғы сөзінде: «QazTalks ашық әңгіме алаңы» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бірқатар идеяларды жүзеге асыруға арналған жиын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметінің мемелекеттің ақпараттық саясатын дұрыс бағытта жүргізетін іс-шаралары туралы айтты.
Саясат майталмандары «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Нұрбек Саясат, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали өз ойларын ортаға салды.
Ал ғылым-білім саласын сараптаған ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек болды. Ерден Қажыбек аудитория алдында латын қаріпіне көшу тиімділігі жайлы ой бөлісті. Спикердің айтуынша, 1926 жылы Қазақстанда қайтадан Жаңа әліпбешілер қоғамы құрылып, оның құрамында Ж.Чомбалов, Т.Рысқұлов, Т.Шонанов, А.Байсейітов, Б.Майлин болған. 1927 жылы 19 қарашада Қызылордада латын әліпбиін қолдайтын «Жаңа қазақ» әліпбиінің орталық комитеті құрылады. Алайда, қызыл саясаттың құрбаны болған бастама аяқсыз қалған.
Бүгінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттердің бірі − латын әріпіне көшудің тиімділігін өз баяндамасында түсіндіріп берді. Сонымен қатар, белгілі журналист-жүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек пен аталған арнаның «Жаңалықтар» қызметінің жетекшісі Есболат Айдабосын «QazTalks» алаңына шықты.
Спикерлер ақпараттық кеңістіктегі жаңа коммуникациялар туралы өз тәжірибе- идеяларымен бөлісті.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика