Астана Халықаралық марафонының жүлде қоры белгілі болды

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін Халықаралық Астана марафоны 27 тамыз сағат 08:30-да басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Жарысты Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңес ұйымдастырады. Қатысушылар үш түрлі қашықтықта бақтарын сынайды: 42 шақырым, 195 шақырым, 10 шақырым, және 2017 метр. Марафонның жүлдеқоры 22 млн теңге.

Астана марафонына 5000 адам қатыспақ. ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен 30 кәсіби спортшы келеді. Шетелдік жалпы спортшының саны 1000 адамды құрайды. Ал, қазақстандық қатысушылар құрамында 4000 спортшы болмақ. Марафонға онлайн тіркелуге санаулы күндер қалды. http://www.scomarathon2017.com/ сілтемесі арқылы онлайн режимінде тіркелуге болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда белгілі болды.

-27 тамыз Астана қаласы мен қонақтары үшін қала көшелерінде қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Себебі, марафон қаланың сол жағалаудағы орталық көшелерімен жүріп өтеді. Көлік кептелістері мен көшелердің жабылуы күтілуде. Қала тұрғындарынан алдын ала кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймын, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Астана марафоны ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елімізде тұңғыш рет өтпек. ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы Қытайда өткен болатын. Халықаралық ұйымның 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған марафонға төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысқан.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика