Бірінші жартыжылдықта 64,5 млрд теңгенің 8 768 автокөлігі өндірілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы Республиканың автоөндірушілерінің 2017 жылдың І жартысындағы жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз конференция өтті. Конференцияға «КазАвтоПром» Қазақстандық атомобильді кәсіпорындар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Олег АЛФЁРОВ қатысты.

Спикердің сөзінше есептік кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 64,5 млрд теңгенің жүк техникасы мен автобус техникасын қоса алғанда 8 768 автокөлік құралы өндірілген.

– Өнім көлемінің заттай көрінісі өткен жылдың көрсеткішінен 3,6 есе асып түсті. Жеңіл автокөліктер өндірісі 7 779 бірлікке жетіп, 5,3 есе ұлғайды. Автобус техникасын шығару (313 бірл.) 2017 жылдың қаңтар-маусымы айлары қорытындылары бойынша бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,4 есе ұлғайды. Жүк автокөліктері өндірісі (487 бірл.) 32,1% қысқарды, – деді Олег Алферов.

Сондай-ақ спикер 2017 жылдың маусым айының нәтижелері бойынша автокөліктер шығару 1818 бірлікті құрағанын, ол 2016 жылмен салыстьырғанда 2,5 есе өскенін айтты.

– Отандық автозауыттардың өнім өткеруі жылдың басынан бері 7748 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 57,5% жоғары. Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 21,8% салыстырғанда 37% жетті. Бұл ретте маусымда бұл көрсеткіш тарихи максимумды жаңартып, 46,9% құрады, – деді спикер.

«КазАвтоПром» Қазақстандық атомобильді кәсіпорындар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы есептік кезеңнің қорытындылары бойынша 831 автокөлік Қытайға, Ресейге, Белоруссияға және Тәжікстанға экспортқа жөнелтілгенін жеткізді. Сонымен қатар ол экспорттық жеткізілімдердің көшбасшысы Lada бренді болып тұрғанын айтып өтті.

– Оған 696 шетелдік сатып алушы ықылас білдірді. Қазақстандық автоэкспорт құрылымындағы Hyundai және JAC маркілеріне де қызығушылық жоғары, – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика