«Жол жүрісі туралы» заң жолдағы тәртіп пен жауапкершіліктің кепілі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Косарев: «Жол жүрісі туралы» заң ережелерінің қабылдануын «Халықтық коммунистер» фракциясының жеңісі деп білеміз. Сарапшы комиссия мен сайлаушыларымызыдың көңілінен шықтық деп ойлаймын. Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу барысында жұмыс тобының 32 отырысы өтті. Бүгінде еліміздегі жол-көлік қозғалысы барлық азаматтарды алаңдатады. Жолдағы жағдай жыл сайын қиындап барады. Жаңа заң халыққа тиімді қызмет етеді деген сенімім бар.
Владислав Косарев келтірген мәлімет:

Қазақстанда 5 млн.астам адам көлік жүргізушісі
Қазақстанда 2001 жылдан бері көлік саны 3 есеге өскен
Қазақстанда көлік саны 4,5 млн машинаны құрайды
Қазақстанда 20-25 жыл бұрын орташа жылдамдық сағатына 60 шақырым болса, қазір сағатына 120-150 шақырым құрайды
Қазақстанда магистральді жолмен бір минутта 57 машина жүріп өтеді. Қала бойынша бір минутта 50-60 машина бір жерден қозғалады.
Қазақстанда биыл 7000-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан соңғы 6 айда 700-ден астам адам опат болған.
Қазақстанда күніне 3-4 адам жол-көлік оқиғасынан мерт болады

Қоғам үшін біздің жолдарымыз қауіпсіз болуы керек. Бұрынғы заңдағы кейбір ережелер жүргізуші құқығын шектеген. Жол-көлік полициясы көлікті тоқтатқан жағдайда, жүргізуші көлігінен шығуға тыйым салынған болатын. Қазір бұл заң алынып тасталды. ҚР Әкімшілік кодексінің 613-бабының 4-тармағын бұзған кезде, яғни алкогольдік, есірткілік мас болу күйін куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды. «Жол жүрісі туралы» заң уақтылы енгізіліп отыр және оған енгізілген түзетулер сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыратын жағдайларды жоюға бағытталады», – деді Владислав Косарев.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика