Жол жүру ережесін бұзған жағдайда салынатын кейбір айыппұлдар қысқартылды

Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3-ке дейін АЕК қысқартылды; масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды; ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлігін тастап кеткені үшін жауапкершілік алынып тасталынды.
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енген бірқатар өзгерістер арналған баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференцияға ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев пен ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің жол қозғалысын қамтамасыз ету саласын үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрсейіт Әбішев қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев: «Айыппұлдың мөлшері көбейген сайын азаматтардың жауапкершілігі төмендеп, айыппұл төлеуден қашатындар саны көбейгенін байқадық», – деді. Сол себепті, құқықтық нақтылау мақсатында Заңның 52-бабының ескертуінде көлік құралын тоқтату негіздемелерінің бірі болып табылатын «арнайы іс-шаралар» ұғымының мазмұны ашылып енгізілді («арнайы іс-шаралар» – құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру, күзет іс-шаралары және терроризмге қарсы операциялар). Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қарсы жолаққа шығу тыйым салынған жерлерде қарсы жүру жолағына шыға отырып, бұрылу немесе кері бұрылу үшін көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ережелер нақтыланған.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. «Жол жүрісі туралы» заң ережелерінің кейбір бөліктері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Яндекс.Метрика