Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Николас Кейдж, Джон Ма́лкович, Эдриен Броуди, Бай Лин, Сулейман Сиссе, Марко Мюллер Астанаға келетін болды. Әлемдік кино саласының үздіктері Елордада өтетін XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қонақтары, деп хабарлайды.
2017 жылдың 22-28 шілде аралығында Астана қаласында Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерімен тең дәрежедегі Орта Азияның ауқымды кинофорумы болып табылатын ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлімдеді.
ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің биылғы ерекшелігі «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер көпірі» тақырыбы қозғалады. Кинофестиваль 2016-2017 жылдары жарық көрген әлемдік фильмдердің көрсетілімін ұсынады. Оған толық және қысқаметрлі картиналар, авторлық және жанрлық кино кіреді. «Еуразия» ХКФ-нің аясында ТМД, Шығыс (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс (Европа, Америка) елдерінің фильм сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен «Eurasia Film Market» Дәстүрлі бизнес-алаңы киножобалар питчингтерін, шеберлік-сағаттарын, баспасөз конференцияларын ұйымдастыратын болады. Бұл кинофестиваль тарихындағы тұңғыш рет өтіп жатқан ауқымды шара екенін ұйымдастырушылар айрықша атап өтті.
Баспасөз конференцияның жұмысына XIII Халықаралық «Евразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нуғманов, қазылар алқасының мүшесі Талғат Теменов және Бағдарламалық директор Елена Ларинова қатысты. Кинофестивалі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігімен іске асырылады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика