Astana Innovations Challenge жобасына 18 – 45 жас арасындағы өнертапқыштар қатыса алады

Astana Innovations Challenge 18 – 45 жас арасындағы өнертапқыштар қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев хабарлады.

-Бұл жоба Smart Astana, яғни «ақылды қала» тұжырымдамасының мақсаттарына сәйкес келеді. «Ақылды қаланы» дамыту аясында біз Астананы инновациялар мен жаңа технологиялар жасап шығаратын тұрақты және толыққанды қала ретінде көреміз. Бұл жоба да сол идеяның негізінде туған. Аталған шараға 18 – 45 жас арасындағы өнертапқыштар қатыса алады, – деді спикер.

Біз қазіргі уақытта Астанамызды инновациялар қаласына айналдыру жолында бірқатар жұмыстар атқарып жатырмыз. Іске қосылғалы отырған Astana Innovations Challenge жобасыда соның бір дәлелі деуге болады. Бұл жоба жас иноваторларды қаладағы бірқатар технологиялық міндеттерді шешуге жұмылдырылатын бұрын соңды болмаған алғашқы кешенді жоба. Ол бірнеше іс-шараларды қамтиды. Мамандандырылған шаралардың әрқайсысы бір-бір тақырып негізінде өтеді. Әрбір шараға 100-ден астам адам қатысады деп күтілуде, – деді Олжас Сартаев.

Жоба ұйымдастырушысы – Астана қаласының әкімдігі және «Астана Innovations» АҚ.

Яндекс.Метрика