Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін жазаланады?

Соңғы кезде әлеуметтік желідегі қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі – пікір үшін жазалану.
Ғаламтор кеңістігіндегі ақпарат саласына қатысты кейбір ережелер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Атен айтып өтті.
– ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес интернет-ресурстар БАҚ-қа тіркелген. Онда жарияланған ақпараттар БАҚ өнімі болым табылады. Сол себепті, әлеуметтік желі де жарияланған, интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат сенімділігі талаптарға сәйкес келуі тиіс және жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға міндетті», – деді ол.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялық желілерін пайдалана отырып, азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерін құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпсіздік немесе елеулі зиян қаупін тудыратын жалған ақпарат таратқандарға Қылмыстық кодекстің жалған мәлімет таратудың 274-бабына сәйкес бес мың айлық есептік көрсеткішіне дейінгі айыппұл салынадаы немесе екi жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Альбина Атен, ақпарат кеңістігінде көбінесе Қылмыстық кодекстің 130-бабына сәйкес келетін жағдайлар көп кездесетінін атап өтті. Яғни, жалған ақпарат тарату, басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін мәлімет тарату. Жария және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе телекоммуникациялық желі арқылы жалған ақпарат таратушыларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, не түзету жұмыстарына дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеледі.
БАҚ өнiмдерiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгiттеуге, Конституциялық құрылымын өзгертуге тырысқандарды, ұлтаралық соғыс тудыруды насихаттағандарға, экстремизм мен терроризм туралы үгіттегендерге, бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет дәлелдемелері құрамында болмаса, онда жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін елу, орта бизнес өкілдеріне жүзге дейiнгi мөлшерде, ірі кәсіпорындарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Яндекс.Метрика