38 млрд АҚШ доллары тұратын зауыттың құрылысы басталмақшы

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның мұнай сервистік саласы: ағымдағы жағдай, саладағы жағымды өзгерістер» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.
Спикер Қазақстанның мұнай сервистік қызметі негізінен үш ірі жер қойнауында шоғырландырылғанын атап өтті. «Олар, Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ. Біз үшін 2015 жылға қарағанда, 2016 жыл табысты болды. Себебі мұнай саласын жандандыруға түрлі инвесторлар қаржы құя бастады. Соның негізінде Қашаған іске қосылды. Енді міне Теңіз жер қойнауында үлкен 3-зауыттың құрылысы басталмақшы. Бұл ауқымды жоба 38 млрд. АҚШ доллары тұрады», – деді ол.
Сонымен қатар, Рашид Жақсылықов жобаның негізгі инвесторы Шеврон компаниясы екенін тілге ттиек етті. «Ол компания теңіз жер қойнауын игеріп жатқан біздің мамандарға сенімсіздік білдіріп, егер олар игере алмаса мемлекетпен келісіп 7 000-ға жуық адамды шетелден әкелу туралы келісімге қол қойып қойды. Бұл сұрақ бәріміздің жанымызға батып жүр. Себебі шетелдік болғасын олар 100 000, 200 000 теңгеге келмейді. Жоқ дегенде 2 000, 3 000 доллар еңбекақы сұрайды. Бұл дегеніңіз жобаға бөлініп отырған қаржының көп пайызы сыртқа шығып кетеді деген сөз. Біз бұл орайда қызу жұмыс істеп жатырмыз. Мердігер компаниялармен келісіп олардың да талабын талқылау үсітіндеміз», – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика