Данияр Алшынов: «Өз ісіне бар жан-тәнімен берілетін адамды кәсіби маман деуге әбден болады»

Еліміздің барлық кинотеатрларында 2 наурыздан бастап «Все из-за мужиков» фильмі көрсетіле бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.
Фильмнің желісі Астана қаласында өтеді. Фантастикалық картинада үш жас жігіт әйелдер әлеміне тап болады. Нәзіктілер қауымы оларды қолдан қолға түсірмей, бар жағдайларын жасап, армандарын орындайды. Дей тұра, жас жігіттер бұл жұмаққа бір келісіммен келгендерін түсінеді. Сонымен бірге еркектері жоқ әлем олар ойлағандай идеал емес еді.
Аталған фильмге Тәуекел Мүсілім, Мұрат Бисенбин, Жания Джуринская, Сая Оразғалиева, Әсел Ақбарова, Данияр Алшынов, Наталья Наумова, танымал вайнер Темірхан Асылбек түсті. Жаппай көріністерге әйелдер әлемін жасау үшін 1000 қыз-келіншектер тартылды.
Соңғы кездері отандық кинотуындыларда басты рөлдерді сомдап жүрген Данияр Алшынов, брифинг барысында кәсіби білімі бар актер мен арнайы білім алмаған өнер адамының арасында айырмашылық болатын алға тартты.
«Мен кәсіби маман емеспін. Сондықтан ондай адамдардың жанында кемшін тұстарымыз көрініп қалатыны рас. Бірақ бүгінгі таңда білім алу, кәсібилікті жоғарылату күрделі емес. Тіпті бұл ретте 4 жыл білім ала алмадым деп өкінудің де қажеті шамалы. Себебі шеберлікті шыңдайтын түрлі тренинтер, шебер сыныптары мен семинарлар жеткілікті. Егер адам өз ісін шексіз жақсы көріп, оған күніне кем дегенде 14-15 сағатын жұмсайтын болса, ол, әлбетте күндердің бір күнінде өз саласының кәсіби маманы атанады», – деп ағынан жарылды жас актер.
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында көрсетілетін фильмге белгілі режиссер Александр Суслов жеткшілік етті. Ал режиссер мен қоюшы оператордың рөлін атқарған «Интерны», «Универ» сериалдарымен танымал ресейлік оператор -Виктор Бормотов.

Яндекс.Метрика