ЭКСПО ауыр жағдайдағы пациенттер байқалған жоқ

 ОКҚ ақпараттық алаңында елорданың медицина қызметкерлерінің бүгінде ЭКСПО-2017 халықарлық көрмесін қалай өткізіп жатқандығы  туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов баяндап берді.

ЭКСПО-ның ашылу кезінен бастап медициналық көмекке 800 адам жүгінді, оның ішінде 120-дан астамы шетелдік азаматтар. Көпшілік жағдайда медициналық көмеке жүгінудің себебі әртүрлі жарақат алу мен қан айналымы жүйесінің аурулары болды. Ауыр жағдайдағы және өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелген жоқ.

ЭКСПО аумағында медициналық көмек көрсетуді «Медикер» компаниясы жүзеге асырады. Көрмеде жалпы саны 7 медициналық пункт бар. Сондай-ақ тәулік бойы медициналық орталығы жұмыс істейді. Барлығы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үш айлық қорымен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі аңдатпалық брифингте хабарлағандай, ЭКСПО-да 85 жоғары білікті бригадалар жедел жәрдем қызметін көрсетеді.

Өз сөзін түйіндей келе, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі олардан басқа ағылшын тілін меңгерген және сәйкесті сертификаттары бар қызметкерлерден тұратын 20 бригада ЭКСПО-ға жұмылдырылғанын, сондай-ақ кәсіпорынның «103» диспетчерлік орталығында 1-ші мамырдан бастап тәуліктік режимде ағылшын, неміс, түрік және қытай тілдерін меңгерген операторлардың жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика