ЭКСПО-ға әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін кинологтар қызметі тексереді  

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуі бойынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында жүктер мен тауарларды алып келу кезінде заң бұзушылықтар мен бұзақылықтар анықталған жоқ.

Ресми қатысушыларға, секция комиссарларының кеңселеріне қызмет көрсету үшін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Бірыңғай қызмет көрсету орталығы ашылды.

– «Бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері отыратын Орталық жұмыс істейді және салық пен кедендік әкімшілендіру бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ мұнда карантин және ветеринарлық, санитарлық инспекция өкілдері бар, – деп айтты Орталық коммуникациялар қызметінің аңдатпалық брифингінде Жамбыл Сұрағанов.

Салық қызметтері БСН/ЖСН берумен шетелдік қатысушыларды тіркеуді, бақылау-кассалық машиналарды тіркеу, алкогольді ішімдікті сатуға арналған лицензия беруді, салықтық есептілікті қабылдауды қарастырады.

Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, бүгінгі күні 230 ресми қатысушы тіркелген, оның ішінде 64 заңды және 166 жеке тұлғалар.  Шетелдік қатысушыларды тіркеу жалғасуда.

Кедендік әкімшілендіруден өткізу кезінде ЭКСПО-2017 павильондарына тауарларды жеткізу үшін демалыс және мереке күндерінсіз аптасына жеті күн жұмыс істейтін кеден қызметкерлері тартылған.
Жамбыл Сұрағановтың мәлімдеуі бойынша қазірдің өзінде тауар кіргізуге 403 декларация ресімделген.
ЭКСПО аумағына әкелінген барлық тауарлардың қауіпсіздігі үшін кинологтық қызмет тартылған, тыйым салынған тауарлар мен заттарды анықтау белгісіне автокөлік құралдарын сканерлеу үшін 2 мобильді инспекциялық-тексеру кешені орнатылған.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика