Ескі үлгідегі елтаңбаны ауыстырғандығы тексерілетін болады

Жаңа стандарт бойынша орындалған Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасын мемлекеттік органдар ағымдағы жылғы 1-ші шілдеге дейін ауыстыруы тиіс. Мемлекеттік рәсімдер туралы заңның сақталуы, сондай-ақ олардың қолданылуын тексеру ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда басталады.

Еліміздің негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі біршама үлкен өзгерістерге ұшырады. Алтын түстің МЕМСТ нақты сәйкестігі бекітілді, елтаңба элементтерінің конструкторлық сызбасына өлшемдер мен түстерді өзгертуге рұқсат беру енгізілді. Сондай-ақ  стандарт елтаңбадағы элементтерді талқылау қосымшасынан тұрады. Одан басқа, өндіруші дайын рәміздің сапасын қамтамасыз етуге міндеттелетін үш жылдан кем емес кепілдік мерзімі белгіленді.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз хатшысы Еркем Мұхтарқызы аңдатпалық  брифинг барысында комиссияның тексеруге қашан баратынын мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда  ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті құрамында мәдениет және спорт, ішкі істер министрліктерінің өкілдері бар инспекциялық комиссиясымен бірлесіп, мемлекеттік рәміздер, сондай-ақ олардың қолданылуы туралы заңның сақталуын тексеру жоспарланған. Тексеру үшінші тоқсанда өтеді. Сапарлардың қорытындысын қарау ағымдағы жылғы қараша айында болады, – деді Еркем Мұхтарқызы.

Стандарттың ережелерін қайта қарау қажеттілігі қазіргі уақытта сатылатын елтаңбаның дайындалуына қатысты заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне байланысты туындады.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика