Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП келісімге келді  

 

Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» ҰКП арасындағы келісім Қазақстанның бизнес-қауымдастығы мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты алдағы нығайту мен жүйелендіруге мүміндік береді, -деп хабарлайды ortcom.kz.

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер Комитеті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылғы 13 маусымда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар, бұл қадамның салық мәдениетін арттыруға, бәсекеге қабілетті пайдалы ортаны дамыту мен кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, әкімшілік кедергілердің төмендеуіне әсер ететініне сенімді.

– Келісім комитет пен бизнестің арасында жұмыс істейтін тиімді үнқатысым алаңын құруды, кәсіпкерліктің аса өзекті мәселелерін бірлесіп қарау мен шешуді, салықтық және кедендік әкімшілендіруді және салық, кедендік, қылмыстық мәселелер бойынша салық төлеушілердің мүдделері мен құқықтарын қорғауды жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеуді түсіндіреді, – деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінің аңдатпалық брифингі барысында ҚР ҚМ МКК даму және үйлестіру департаменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов.

Келісім аясында мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жасауда.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика