«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданды  

 

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру тұрғысынан «Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференция өтті.

Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты.

Мейіржан Алпысбай атап өткендей, жаңа экономикалық саясат пен мемлекетті жаңғырту басымдықтары жағдайында Қазақстан үшін елдің сапалы әлеуетін арттыру және тиімді кәсіби ресурсты қалыптастыру ерекше маңызға ие. Осыған байланысты, «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы озық тәжірибе мен үздік үлгі алу республикада басталған Жаңғыртудың үшінші толқыны тұрғысынан да басым болып қалатынын мекеме басшысы атап өтті.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы білім беру салысындағы қазақстандық алғашқы серпілісті жобалардың бірі болып, кәсіби мамандарды даярлау жүйесі ретінде елдің кадрлардағы өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне толық бейімделуге ұмтылуда. Бағдарлама маңызы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институттық реформалары, елдің  индустриалды-инновациялық дамуы және Мемлекет басшысының «Жаңғырту 3.0» жолдауында белгіленген «адами капитал сапасын жақсарту» бойынша міндеттер аясында нығаяды, – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова 23 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданып, сондай-ақ конкурстық іріктеу рәсіміне өзгерістер енгізілгендігін тілге тиек етті.

«Бірінші. IELTS 6.5 және одан жоғары сертификаты, сондай-ақ GPA 3.3 және одан жоғары дипломы бар тұлғалар үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды. Осы санат магистр дәрежесін алу үшін стипендиаттардың басқа санаттарымен қатар, 2 айға дейінгі мерзімде оқу алдындағы даярлықтан (pre-master’s) өту мүмкіндігін береді. Екінші. Академиялық бағдарламалар (магистратура, докторантура, резидентура) үшін үміткерлердің барлық санаттарына бакалавр немесе маман дипломының орташа балына қойылатын талаптар 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді. Үшінші. «Магистратура» бағдарламасы бойынша үміткерлердің барлық үлестік санаттары үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің өлшемшарттары IELTS жүйесі бойынша 5.0 балдан 5.5 балға дейін көтерілді. Сонымен, «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде – IELTS 5.0 қалады», – деді ол.

Сонымен қатар спикер, Стипендия тағайындау үшін 2017 жылдан бастап конкурс 6 кезеңнен тұратынын жеткізді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика