ПРЕСС-АНОНС 9 МАУСЫМ КҮНІ САҒАТ 15:30-ДА

9 маусым күні сағат 15:30-да Орталық коммуникациялар қызметінде ШЫҰ Жастар кеңесінің ұлттық бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

Тақырыбы: «ШЫҰ Жастар кеңесінің Х отырысының нәтижелері».

Сондай-ақ баспасөз конференцияның жұмысына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан ӨТЕШЕВ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының экономикалық саясат, өнеркәсіп, инновациялық даму және кәсіпкерлік бойынша комитет төрағасынынң орынбасары Денис КРАВЧЕНКО, Жалпықытай Жастар Федерациясы Бас хатшысының орынбасары Бо ЦЗЯ, Қырғыз Республикасы атынан  ШЫҰ жастар кеңесі ұлттық бөлімінің жетекшісі Таалайбек ДАЙЫРБЕКОВ және Тәджікістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Консулы Cухроб ХАФИЗОВ қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредитациядан өткізу және басқа да мәселелер бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com 2017 ж. 9 маусым сағат 15:00-ға дейін  электронды мекен-жайға хабарласуға болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика