«Ақ жол» партиясы Елбасының Жолдауын қолдайды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты өткен брифингте «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.

Биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ерекше үмітпен, ерекше қызығушылықпен күттік. Үмітіміз ақталды деп айтуға болады. Себебі, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Елбасымыз көптеген өзекті мәселелерге өз көзқарасын, тапсырмасын ұсынып отыр. «Ақжол» партиясы бизнес партия ретінде, әсіресе, экономика жөніндегі ұсыныстарды толық қолдайды. Сонымен қатар оларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.

Яндекс.Метрика