ПРЕСС-АНОНС. 3 мамыр.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыратын, 2017 жылғы 3 мамыр күні  сағат 11:00-де  ОКҚ алаңында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған «Қазақстанның Қарулы Күштері – 25 жыл Тәуелсіздік күзетінде» тақырыбында интерактивті дәрісі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Садықов, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Дулат Адырбеков және ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Ермек Байғабылов қатысады.

Дәрістің көрсетілімін жүргізу интернет арқылы онлайн режимде республиканың барлық мектептерінде ұйымдастырылады. Интерактивті дәріс Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми сайтында тікелей эфирден көрсетіледі.

Іс-шара соңында қатысушылар Қарулы Күштердің 25 жылдығына арналған бейнероликті тамашалайтын болады.

Басталуы сағат 11:00-де. Аккредиттеу бойынша кіру мына телефондар арқылы жүргізіледі: +7(717)2559338, +7(717)2559333.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика