ҚР Әділет министрлігі Президенттің өкілеттіктерін бөлу бойынша жаңа Заң жобаларын әзірледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген лекторий барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заң департаментінің директоры Дархан Игембаев мәлім етті.

Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмысты қажетті деңгейде атқару үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері кірді.

Мемлекет басшысының өкілеттіктерін бөлу жұмысы екі бағытта атқарылмақ.

Бірінші бағыт – конституциялық деңгейде билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды теңдестіру;

Екінші бағыт – Үкімет пен басқа атқарушы органдарға Президенттің Заңмен белгіленген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі өкілеттілігінің бөлігін беру.

«Екінші бойынша жұмыстарды атқару Әділет министрлігіне тапсырылды. Әділет министрлігі жанынан жұмыс тобы жасақталып, олар 298 заң, 11 конституциялық заң мен 20 кодекстің мәтіндеріне талдау жасады. Соның нәтижесінде Президенттің Заңмен белгіленген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу мәселелері бойынша екі Заң жобасының тұжырымдамасы дайындалды.

Бүгінгі таңда аталған екі заң жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына ресми түрде жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселесін көтерген болатын.

Яндекс.Метрика