ҚДБ автокөлік несиелендіруге 9 мыңға жуық жеңілдетілген займ берді

Қазақстанның даму банкі жеңілдік шарттары бойынша несие ұсына отырып, отандық автокөлік өнеркәсібіне қолдау көрсетуде. 2016 жылы 9 мыңға жуық займ берілген.
Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.
«Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруда оператор бола отырып, ҚДБ елдегі автокөлік жинау кәсіпорындарын дамытуға 30 млрд теңге бөлді. Осы қаражаттың 26 млрд теңге көлеміндегі сомасы екінші деңгейлі банктердегі жеңілдетілген автокөлікті несиелендіруге, 4 млрд теңгесі лезингілік қаржыландыруға бағытталы.
Болат Жәмішев хабарлағандай, жеңілдік бойынша отандық өндірушілердің автокөлігін сатып алу үшін 8 697 займ берілді, лезингілік қаржыландыру аясында 494 бірлік арнайы техника жеткізілді.
Бұдан басқа, отандық вагон өндірушілерді қолдау үшін 22,5 млрд теңге бөлінді. 28 жолаушылар және 1 108 жалғамалы вагондарды жасап шығару арқылы қаражат толығымен игерілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика